Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
хабарландыру
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Мекеменің мекенжайы: 021501, Ақмола облысы, Степногорск қ., 2 шағын аудан, 57 ғимарат.
Телефон: 8 (71645) 5-97-15
E-mail: dolgoletiestep@yandex.kz
Функционалдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асыру және ұйымдастыру, қабылданатын шешімдер мен мекемеге жүктелген міндеттердің тиімді орындалуы үшін дербес жауапты болу, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде әкімшілік-шаруашылық мәселелерді шешу;
- қызметтерді алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени, еңбек және басқа да қызмет көрсету түрлері бойынша Орталық қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; жұмыс, сауықтыру және емдеу-профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;
- бөгде ұйымдармен және заңды тұлғалармен шарттар мен келісімдерді әзірлеу және жасасу; қызметкерлердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығару; кеңестерде, жұмыс кездесулерінде және мемлекеттік органдарда мекеменің мүдделерін ресми білдіру;
- Орталықтың ағымдағы қызметіне жүйелі талдау жүргізу, оның тиімділігін, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандарттарына, мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалау;
- көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, жұмыс процестерін оңтайландыруға, жұмыстағы заңбұзушылықтар мен қателіктердің алдын алуға, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және өндірістік емес шығыстарды азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
- белгіленген талаптарға сәйкес мекемеде құжаттаманы, іс жүргізуді және архив ісін тиісті деңгейде жүргізуді ұйымдастыру;
- медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, олардың көлемін ұлғайту және аға буын азаматтары үшін ең көп сұранысқа ие қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
- еңбек заңнамасы нормаларын және әлеуметтік әріптестік қағидаттарын қатаң сақтау негізінде ұжымдық шартты әзірлеуге, жасасуға және орындауға қатысу;
- басшының орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер ауқымын белгілеу;
- Орталық қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс ережелерін сақтауын тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамаларға, оқытуға жіберу жоспарларын және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлерін бекіту;
- ұйымдастырушылық құрылым мен штат кестесін жетілдіру және оңтайландыру; Орталық қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану; персоналдың біліктілігін арттыру және қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жарғыда және Уәкілетті органның тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Еңбекақы төлеу:
Еңбекақы төлеу азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты) жүзеге асырылады. ҚР Еңбек кодексінде көзделген әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіптік білім (медициналық, экономикалық, педагогикалық немесе заңгерлік);
- басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысушылар білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңдарын, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар конкурс комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) толтырылған кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген).
Азаматтық қызметке кірген кезде кандидат сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болуы болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 жылғы 19 қазаннан 2 қарашаға дейін қоса алғанда (хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде) мына мекенжай бойынша қабылданады: 021501, Ақмола облысы, Степногорск қ., 4 шағын аудан, 1 ғимарат (2-қабат, № 24 кабинет), «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Анықтама телефоны: 8 (71645) 5-97-15.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комиссия біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды сұхбаттасудан өту күні мен уақыты туралы хабардар етеді.
Сұхбаттасу өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қ., 4 шағын аудан, 1 ғимарат, 1-қабат, Азаматтарды қабылдау орталығы (АҚО).