Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 302/39 «2026 - 2028 жылдарға арналған Екібастұз қаласының ауылдық округтерінің, ауылдарының және поселкелерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз  қалалық  мәслихатының  2025  жылғы  19 желтоқсандағы № 302/39 «2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қаласының ауылдық округтерінің, ауылдарының және поселкелерінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219575 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

        «1. 2026-2028 жылдарға арналған Солнечный поселкесінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 446 690 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 128 961 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 337 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімдері – 316 392 мың теңге;

2) шығындар – 456 691 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – нөлге тең;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 001 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 001 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2026 – 2028 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджеті тиісінше 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 221 052 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 53 936 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 329 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімдері – 166 338 мың теңге;

2) шығындар – 221 052 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – нөлге тең;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.»;

3) көрсетілген шешімнің 1, 4, 34-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Екібастұз қалалық

 мәслихатының төрағасы                                                                 Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1053802?lang=kk