Күршім ауданының бірмандаттық сайлау округтерін құру және шекараларының белгілеу туралы
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 1 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 02 қазандағы № 55/92 «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының негізінде, Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Күршім ауданының бірмандаттық 10 (он) аумақтық сайлау округтері құрылсын.
- Күршім ауданының бірмандаттық он аумақтық сайлау округінің шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Күршім аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулы Күршім аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Р.Тлеубаева
Хатшы Ж.Донбаева