Об утверждении Календарного плана основных мероприятий по подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов Жамбылского областного маслихата, назначенных на 29 ноября 2026 года

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы



«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
    13 қазандағы №60/99 қаулысы басшылыққа алынсын.
  2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Тараз қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тиісті Күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын.  
  4. Осы қаулы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, облыстық «AQ JOL» және «Знамя труда» газеттерінде жариялансын.

 

Төраға                                                               С. Айдапкелов

 

Хатшы                                                               А. Боранбаев

 

Тараз қаласы,

2026 жылғы 13 қазан

№ 21

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/documents/details/1081823?lang=kk