2026 жылдың 9 айына Алтынсарин аудандық мемлекеттік архиві 348 қызмет алушыға «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсетті, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы -149 (42,8 %), архивтің канцеляриясы-199 (57,2 %). ҚР резиденттерге 327 қызмет көрсетілді, резидент еместерге-19 қызмет. Жеке тұлғаларға-304 (87,4 %); заңды тұлғаларға-44 (12,6 %). Оң жауаппен -282, теріс жауаппен -22, сақтауда болмауы туралы - 26, тиістілігі бойынша-18 орындалды.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Келіп түскен сұраныстардың көпшілігі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын растаумен байланысты: еңбек өтілі, жалақы мөлшері, зейнетақы жарналарын есептеу және аудару, ұйымдарды қайта атау, нотариалдық іс-әрекеттер.
Архившілер мемлекеттік қызмет көрсету туралы Мемкорпорация қызметкерлеріне телефон арқылы кеңес береді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың өзі жүгінген кезде кеңес береді. Алтынсарин аудандық мемлекеттік архивінде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар, қызмет алушылар e.gov арқылы мемлекеттік қызмет туралы сұранысты өздері немесе архившінің көмегімен беруіне болады. Сонымен қатар, архив қызметкерлері «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Аудандық мемлекеттік архивінің басшысы тарапынан ай сайынғы мониторинг және Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
2026 жылдың 9 айына «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің (ХҚКО) Алтынсарин ауданының бөлімі және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Алтынсарин аудандық мемлекеттік архиві» филиалында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз» және жайлы орта құрылды.
Макажанова Г. Т.
филиал архившісі