Қармақшы ауданының №97 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына комиссия мүшеcін тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық  заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 8 қазандағы №194 хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қармақшы ауданының №97 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жүсіпова Меруерт Жайылханқызы тағайындалсын.
  2. Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №97 учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Төраға                                                                         Р. Ефенов

 

Хатшы                                                                        Г. Жубаидаев

           

 

 

Жосалы кенті

9 қазан 2026 жыл

№АСК-26/259

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/documents/details/1080304?lang=kk