«07» «10» 2026 №361
Дайрабаев Мухтар Ибадуллаевичке уақытша өтеулі жер пайдалану
құқығымен берілген жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды
бастау туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы
28 қыркүйектегі №350 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 5 қазандағы №1824 ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №350 «Дайрабаев Мухтар Ибадуллаевичке уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы кол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловқа жүктелсін.
Аудан әкімі А. Абдуллаев