ҚАУЛЫ
Үржар ауылы № 23 «8» қазан 2026 жыл
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 «Үржар ауданы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 «Үржар ауданы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулыны Үржар ауданының мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Уақыт тынысы-Пульс времени» газеттерінде орналастырылсын.
Аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы Е. Каримов
Аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы А. Габбасова