Анықтама РММ «Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

Анықтама

РММ «Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

 

        Павлодар қ.                                                                                                              05.10.2026  жыл

 

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 21.09.2026 жылғы № 23-36-1-03-217-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобымен РММ «Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында» (бұдан әрі – Басқарма) 01.05.2025 жылдан 01.05.2026 жылға дейінгі кезеңде жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша тексеру жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау онлайн форматта жүргізілді.

 

Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі

Тексерілетін кезеңде 2 жоспардан тыс тексеру, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында 8 тергеп-тексеру талданды.

Тексерілетін кезеңде медициналық ұйымдардың объектілері бойынша Басқармамен бақылау және қадағалау субъектісінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілген жоқ.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

 

Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау

 

Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқармамен 5 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген, оның ішінде 2 қайта ресімдеу, уәжді бас тартулар берілмеген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Өткен кезеңде 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (Прокуратураның тапсырмасы бойынша – 2, МОР орындау бойынша – 1). Тексерулер жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

 

Тамақтану объектілерін бақылау

 

«ЕРСОП» ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу кезінде тексерілетін кезеңде тамақтану объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқармамен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер жүргізілмегені анықталды. «e-Өтініш» платформасы арқылы тамақ өнімдерінің сапасына қатысты өтініштер келіп түспеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Elicense.kz ақпараттық жүйесінің деректері бойынша тексерілетін кезеңде «ИП Хлебко А.С. шағын наубайханасы» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты 2 өтініш қаралған, оның ішінде эпидемиялық маңызы жоғары объектілердің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Уәжді бас тартулар берілмеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

 

Коммуналдық объектілерді бақылау

 

Тексерілетін кезеңде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес 2026 жылдың I жартыжылдығына орталықтандырылған сумен жабдықтаудың 6 объектісі жоспарланған: Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, Успен ауданы әкімдігінің «Успен Ауыз-су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының су құбыры құрылыстары мен желілері.

№ 5 тексеруді тағайындау туралы актінің күні – 16.04.2026 ж. Тексеру жүргізу мерзімі 17.04.2026 ж. – 23.04.2026 ж. аралығы. Тексерілетін кезең 29.05.2025 ж. бастап 23.04.2026 ж. дейін.

Мақсатына және қызмет түріне қарамастан объектілерге қатысты тексеру парағының 22-тармағы бойынша «Өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру талаптарын сақтау» мәселесі бойынша тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сонымен бірге, өндірістік бақылау есептілігін талдау кезінде СЭН базасында өндірістік бақылау бойынша мәліметтер болмаған, есептер белгіленген мерзімде, 5 қаңтарға дейін УСЭК-ке қолма-қол түрде келіп түспеген.

Тексеру жүргізу кезінде УСЭК маманы бұл фактіні ескермеген, өндірістік бақылау мәселелері нұсқамада көрсетілмеген.

 

Өнеркәсіптік объектілерді бақылау

 

Тексерілетін кезеңде Басқарма РТО жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Elicense.kz ақпараттық жүйесінен алынған деректерге жүргізілген талдау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері сақталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

РММ «ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының СЭБД Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына» ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік бақылау және қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
  2. Жедел ден қою шараларын қолдану кезінде олардың орындалуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету.
  3. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдарға сәйкес Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, Департаменттің персоналды басқару қызметіне 12.10.2026 ж. дейін ұсыну.
  4. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты Департаменттің персоналды басқару қызметіне 26.10.2026 ж. дейін ұсыну.

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1078493?lang=kk