Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта білім бөлімі тарапынан бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Біріншіден, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, заманауи оқыту әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу алаңдары, семинарлар ұйымдастырылды.
Кадр жұмысы бағытында 45 мектепте барлығы 3 285 педагог қызметкер еңбек етеді. Педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту және кәсіби деңгейін арттыру бағытында нақты жұмыстар жүргізілді. Жалпы педагогтердің 2,6%-ы шебер, 31,2%-ы зерттеуші, 49,3%-ы сарапшы, ал 16,9%-ының санаты жоқ.
Есепті кезеңде 684 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, 312 мұғалім аттестаттаудан өтуге өтініш беріп, дайындық жұмыстары жүргізілді. Жас мамандармен жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылып, 89 жас маманға тәжірибелі тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлік жоспарлар негізінде олардың кәсіби бейімделуіне әдістемелік көмек көрсетілді.
Аудан мектептерінде 19885 оқушы білім алуда. 2025–2026 оқу жылының I тоқсанында білім сапасы 59,9% болса, III тоқсан қорытындысымен 63%-ға жетіп, 3% оң динамика көрсетті. Бұл – жүргізілген жұмыстардың нақты нәтижесі.
Екіншіден, білім беру ұйымдарында оқу процесінің сапасын бақылау күшейтілді. Ішкі мониторинг жүргізіліп, білім алушылардың оқу жетістіктеріне тұрақты талдау жасалды. Нәтижесінде үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың білім деңгейін арттыру бағытында үлгерімі төмен 2 964 оқушымен жүйелі түзету жұмыстары жүргізілді. Жеке жоспарлар негізінде ұйымдастырылған қосымша сабақтар нәтижесінде 1 127 оқушының білім көрсеткіштері жақсарды. Сонымен қатар дарынды және қабілетті оқушылармен жұмысқа ерекше назар аударылып, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысуы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 396 оқушы олимпиадаларға қатысып, 197 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері де оң көрсеткіштерге ие. 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында 1222 түлектің 1077-сі (89,4%) тестілеуге қатысып, орташа балл 80,2 болды. Ал наурыз–сәуір айларында 1047 түлек (84,3%) қатысып, орташа балл 81-ге жетті. Бұл көрсеткіштер бойынша аудан облыс көлемінде қала және аудан мектептері арасында үшінші орынға ие болды.
Білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар өткізілді. Дарынды балалармен жұмыс жүйелі түрде жалғастырылып, түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатысуы қамтамасыз етілді.
Оқушылардың білім деңгейін айқындайтын пәндік олимпиадаларда да жоғары нәтижелер байқалды. Облыстық кезеңде 9–11 сыныптардан 33 оқушы қатысып, 14-і жүлделі орынға ие болса, 7–8 сыныптардан 23 оқушының 11-і, 5–6 сыныптардан 15 оқушының 9-ы жеңімпаз атанды. Жалпы жүлдегерлер санының артуы – жүйелі жұмыстың айғағы.
Ғылыми жобалар бағытында да ілгерілеу бар. Мектепішілік кезеңге 899 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 545 жоба ұсынылды. Оның ішінде 325 жоба жүлделі орын иеленді. Облыстық кезеңге жолданған 69 жобаның 35-сі жүлделі орындарға ие болды.
Әдістемелік жұмыс та ерекше қарқынмен жүргізілді. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу және озық тәжірибені тарату мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырыстары, семинарлар мен тәжірибе алмасу алаңдары тұрақты ұйымдастырылды.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және болашақ кәсіби бағытын дұрыс айқындауға көмектесу болып табылады.
Осы бағытта 7–11 сынып оқушыларымен жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, барлығы 9 860 оқушы қамтылды.
Есепті кезеңде:
- 21 кәсіби бағдар беру іс-шарасы (кездесу, дөңгелек үстел, тренинг) ұйымдастырылды;
- 31 жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдерімен кездесулер өткізілді;
- 15 кәсіпорындар мен мекемелерге экскурсиялар ұйымдастырылды;
- 212 сынып сағаты кәсіби бағдар тақырыбында өткізілді.
Нәтижесінде, оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығы артып, кәсіби өзін-өзі анықтау деңгейі жақсарды.
Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар–ақпан–наурыз айларында 45 мемлекеттік мектеп бойынша оқу-тәрбие үдерісі тұрақты деңгейде ұйымдастырылып, білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру және педагог кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
2025–2026 оқу жылы барысында Келешек мектептерінде білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар жүйелі әрі нәтижеге бағытталған түрде жүзеге асырылуда. Аталған бағыттағы жұмыстар білім беру сапасының тұрақты өсуіне және оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуына негіз болды.
Аудандағы Келешек мектептер желісіне Жаңқорған кентінде орналасқан №293 орта мектебі және Жаңарық елді мекеніндегі №167 орта мектебі кіреді. Қазіргі таңда №293 орта мектепте 1200-ге жуық білім алушы, ал №167 орта мектебінде 396 оқушы білім алуда. Оқушылар контингентінің артуы білім беру сапасына қойылатын талаптарды күшейтіп, мектептердің даму қарқынын жеделдетуде.
Оқу процесіне заманауи педагогикалық технологиялар кеңінен енгізіліп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жүйелі түрде қолданылуда. Атап айтқанда, саралап оқыту, критериалды бағалау, жобалық және зерттеушілік оқыту элементтері сабақ мазмұнымен ықпалдастырылды. Мұғалімдердің 100%-ы цифрлық білім беру платформаларын тұрақты пайдаланып, білім берудің цифрлық экожүйесін қалыптастыруға үлес қосуда.
Педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінді. Жыл ішінде 48 педагог облыстық және республикалық деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, заманауи білім беру талаптарына сәйкес өз білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, 31 мұғалім авторлық бағдарламалар әзірлеп, білім беру мазмұнын жаңартуға белсенді атсалысты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сарапшы және зерттеуші педагогтердің үлесі 78%-ға жетіп, педагогикалық ұжымның сапалық құрамы айтарлықтай нығайды.
Білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг оң динамиканы көрсетті. №293 орта мектепте оқу жылының басында білім сапасы 54,2%-ды құраса, үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 58,6%-ға дейін артты. Ал №167 орта мектебінде бастапқы көрсеткіш 65,3% болса, үшінші тоқсан соңында 67,9%-ға жетіп, білім сапасының тұрақты өсуі байқалды. Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушылар саны 9%-дан 4%-ға дейін қысқарып, түзету жұмыстарының тиімділігін дәлелдеді.
Оқушылар пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына және түрлі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Нәтижесінде, мектеп оқушылары аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, білім ордаларының беделін арттырды.
Ата-аналармен серіктестік байланыс та жаңа деңгейге көтерілді. Ата-аналар жиналыстары, ашық есік күндері, онлайн кері байланыс платформалары арқылы ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысуы айтарлықтай артты. Бұл өз кезегінде “мектеп – ата-ана – оқушы” үштағанының тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етті.
Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар білім сапасының артуына, оқушылардың оқу жетістіктерінің жақсаруына және педагогтердің кәсіби деңгейінің өсуіне оң ықпал етті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі білім беру саласының дамуында оң серпін бар екенін көрсетеді. Алдағы уақытта да білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері де оң көрсеткіштерге ие. 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында 1222 түлектің 1077-сі (89,4%) тестілеуге қатысып, орташа балл 80,2 болды. Ал наурыз–сәуір айларында 1047 түлек (84,3%) қатысып, орташа балл 81-ге жетті. Бұл көрсеткіштер бойынша аудан облыс көлемінде қала және аудан мектептері арасында үшінші орынға ие болды.
Білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар өткізілді. Дарынды балалармен жұмыс жүйелі түрде жалғастырылып, түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатысуы қамтамасыз етілді.
Оқушылардың білім деңгейін айқындайтын пәндік олимпиадаларда да жоғары нәтижелер байқалды. Облыстық кезеңде 9–11 сыныптардан 33 оқушы қатысып, 14-і жүлделі орынға ие болса, 7–8 сыныптардан 23 оқушының 11-і, 5–6 сыныптардан 15 оқушының 9-ы жеңімпаз атанды. Жалпы жүлдегерлер санының артуы – жүйелі жұмыстың айғағы.
Мектепке дейінгі мекемелердің мәліметі
Жаңақорған ауданы бойынша жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 104. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар саны – 26, жеке меншік балабақша саны - 71, шағын орталық саны - 7.
0-6 жас аралығындағы балалар саны – 9400 бала. Оның мектептерде МАД сыныбымен қамтылған бала саны – 1427, балабақшамен қамтылған бала саны – 6035 бала. Қамту көрсеткіші қазіргі таңда 79 %-ды құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің жалпы саны –915 адам. Оның ішінде: педагог-модератор – 553 адам; педагог-сарапшы – 48 адам; педагог-зерттеуші –26 адам;
Бейне бақылау жүйесі 104 балабақшада 100% қамтылған.
Аудандағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы (жай) жөндеу жұмыстары толық жүргізілген. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан балабақшалар жоқ.
Тәрбие бойынша және жазғы демалыс бойынша атқарылған жұмыстар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 «Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие алып, отансүйгіш, адамгершілігі жоғары, еңбекқор, жауапкершілікті сезінетін, адал және саналы азамат болып қалыптасуда. Мектепішілік есепте 78 оқушы есепте тұрады. Есеп жүргізуде ақпараттық жүйелер қолданылмайды.
Аудан бойынша 14-17 жас аралығында тұлғалар саны: 6517
– жалпы білім беретін мектептерде оқитындар: 6180
– колледж студенттері: 337
– жоғары оқу орындарында білім алушылар;
– жұмыс істейтіндер;
– оқумен қамтылмағандар (жұмыссыздар).
Аудандағы білім беру ұйымдарында 60 штат бірлік қарастырылған, нақты 64 педагог-психолог жұмыс жасауда. Аудан бойынша білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсету мақсатында 10 мектепте диагнозына қарай, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға Психологиялық-педагогикалық медециналық кабинеттің (ПМПК) қорытындысымен 11 оқушыға педагог-асистент маман жұмыс жасайды. Ауданда қолайсыз отбасыға алынғандар болғанымен, олардың әлеуметтік тұрғыдан осал ретінде алынбаған. 2025 жылы девиантты мінез-құлқы бар балалар анықталған жоқ. 2025 жылы кәмелетке толмағандарды арнайы мектепке жіберу орын алған жоқ. Аудандағы білім беру ұйымдары 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылған, олардың барлығы жедел басқару орталығына қосылған. Ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мектепке қауіпсіз жол» превентивтік жобасы аясында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған жоба шеңберінде аудан мектептерінде жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, қауіпсіз бағыттарды анықтау, мектеп маңындағы қауіпсіздікті күшейту, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында жол қауіпсіздігі тақырыбында сынып сағаттары, түсіндіру дәрістері, профилактикалық кездесулер, рейдтік іс-шаралар, акциялар мен практикалық сабақтар өткізілді.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жол қиылыстарында «Қауіпсіз жол», «Абайла – бала!» атты акциялар ұйымдастырылып, жүргізушілерге ескерту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына жолдан дұрыс өту, бағдаршам белгілерін ажырату, жолда өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Атқарылған жұмыстар көрсеткіштері: Сынып сағаттары – 27, Түсіндіру кездесулері – 15, Рейдтік іс-шаралар – 30, Акциялар – 14, Ата-аналар жиналыстары – 13, Практикалық сабақтар – 12, Жалпы іс-шара саны: 111, Қамтылған оқушылар саны: 1450
Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білім деңгейі артты, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Мектепке келу және қайту кезінде қауіпсіз маршруттарды пайдалану дағдылары қалыптасуда. Жалпы алғанда, «Мектепке қауіпсіз жол» превентивтік жобасы аясында атқарылған жұмыстары оң нәтижесін көрсетуде. 2025 жылы кәмелетке толмағандарды арнайы мектепке жіберу және ата-ана құқықтарынан айыру болған жоқ. Аудан көлемінде девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің баламалы түрлері бойынша арнайы орталықтар қарастырылмаған.
Ауданда «Тау самалы» тынығу лагері мен мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қорытындысы негізінде үстіміздегі жылдың 1 маусым күні балалар қабылдап, өз жұмысын бастайды.
Ауданда 2026 жылы (1-10сынып) оқушылар саны-18 970.
Аудан мектептері бойынша:
Міндетті оқу қорынан 37 млн 645 мың теңге қаралып, «Тау самалы» тынығу лагеріне тынығуға 640 бала ақысыз, яғни міндетті оқу қоры арқылы демалдырылды. Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арқылы 50 пайыз жеңілдікпен 210 бала демалу жоспарлануда.
2026 жылдың 2 маусымынан бастап аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында (жалпы саны-45 мектеп) мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер ұйымдастырылып, 1-4 сынып аралығында 1405 бала (тамақсыз ), 5-10 сынып оқушылары арасынан 5445 бала (барлығы 7000 –ғажуық бала) күндізгі сауықтыру шаралары және еңбек бригадасымен қамтылды.
Ауданда 2024 жылы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуға тиісті (1-10сынып) оқушылар саны-17208. Биылғы жазғы маусымда сауықтыру шараларына, атап айтқанда, сыртқы лагерь, мектеп жанындағы лагерьлер, тарихи орындарға саяхатт.б. шараларға 16850 бала қатысып, қамтылуы 98 %-ды құрайды деп жоспарланды.
2024 жылдың 1маусымынан бастап аудандық білімбөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында (жалпы саны-44мектеп) мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер ұйымдастырылып, 1-4 сынып аралығында 5500 бала (тамақсыз ), 5-10 сынып оқушылары арасынан 2500 бала (барлығы 8000 –ғажуық бала) күндізгі сауықтыру шаралары және еңбек бригадасымен, Түркестан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб жәнет.б. тарихи орындарға 5000 бала, қосымша білім беру мекемелеріне 2000 бала, ата-ана, демеушілер есебінен 1200 бала қамтылады деп жоспарлануда.
Жазғы демалыспен қамтылуға тиіс оқушылар (1-10 сыныптар) саны-17 724. Ауданда жыл бойы жұмыс жасайты демалыс лагерь саны -1, атауы Құттықожа ауылында орналасқан «Тау самалы» балалар тынығу лагері
Мектеп жанынан ұйымдастырылатын лагерь саны- 45, оған қамтылатын бала саны –7550, оның 1550-і демеушілер көмегі арқылы және мектеп басшылығының ұйымдастыруымен бір мезгіл жеңіл тамақпен қамтылады, 6000 бала тамақсыз іс-шара, сауықтырулармен қамтылатын болады. Мектеп жанынан ұйымдастырылатын күндізгі лагерлер мынадай бағыттарда ұйымдастырылады:
- Этноауыл бағытында 20 мектепте: №51,№52,№54,№55,№160,№161,№180,№162,№164, №168, №184,№194,№195,№209,№213,№224,№239,№240,№286,№293
- Зияткерлік, дебат бағытында 5 мектепте:
№125,№289 ,№224,№221 және №110 мектеп-лицейде
- Сондай-ақ, барлық мектептерде спорт, өнер және тарихи өлкелерге, киелі мекендерге экскурсия (саяхат) бағытында лагерлер жұмыс жасайды.
Жазғы демалыс шараларын ұйымдастыру көздері:
-міндетті оқу қорынан- 784 бала
- демеушілер мен ата-аналар есебінен- 1600 бала
- білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арқылы-200 бала
Міндетті оқу қорынан 37 млн 945 мың теңге қаралып, «Тау самалы» тынығу лагеріне тынығуға 600 бала, өзге өңірлерге 100 бала, Астана қаласына саяхатқа 40 бала барады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ , ата-аналар қолдауымен, ата-аналар жұмыс жасайтын мекемелері арқылы және «Байкен-U», «СКЗ-U», «Қызылқұм» сияқты ірі кәсіпорындар мен басқа да кәсіпкерлер демеушілігі арқылы-1600 оқушы.
Биылғы жазғы маусымда сауықтыру шараларына, атап айтқанда: сыртқы лагерь, мектеп жанындағы лагерьлер, үлкен қалаларға саяхат, спорт, өнер, шағармашылық бағыттағы үйірмелер т.б. шараларға 1660 бала қатысып, қамтылуы 99,6%-ды құрайды деп жоспарланды.
«Тау самалы» тынығу лагері 1954 жылдан бастап жұмыс жасайды. Лагерьдің жатын ғимараттары мен қызметтік ғимараттары 1989 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы жер көлемі -17 гектар. Лагерьде ашық бассейн, душ, монша, спорт алаңдары (шағын футбол, волейбол, стритбол) жұмыс жасайды. Лагерде 3 ғимарат бар. Оның ішінде,
2 жатын ғимарат, 1 асхана (80 орындық) ғимараты бар. Ғимараттар ескі болғандықтан күрделі жөндеуді қажет етеді.
Лагерьдегі өзекті мәселе, ғимараттардың тозығы жетуі себебінен аудандағы балаларды жазғы лагермен толық қамту төмен деңгейде қалып отыр.
Қалыптасқан мәселені шешу жолы ұсынылады. Яғни, 80 орындық ғимарат 2014 жылы бір қабатты типтік жобада салынған. Қабырға материалы күйінді блоктардан (шлакоблок) өрілген. Бөлмелер саны 17. Жалпы алаңы 553,6 құрайды. Ғимаратқа жылу жүйесі жүргізілген, ішіне ішкі әжетхана орналастырылған.
Жаңа ғимараттың қазіргі таңдағы ДК "КЕМЕҢГЕР.Ж" Тәуелсіз жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді бағалау орталығының жүргізген бағалау құны 148 966 563 мың теңгені құрап отыр. Алайда, меншік иесінің лагерьді сатып алуға ұсынып отырған бағасы 80-100 млн теңге. Қазіргі таңда, жаңадан 80 орындық ғимараттың құрылысын салуға 150-200 млн шамасында қаражат жұмсауға тура келеді.
Осыған байланысты, лагерь жанындағы заманауи талапқа сай 80 орындық (асханасымен бірге) типтік жобадағы ғимаратты сатып алу тиімдірек.
Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жаңартылуы, ғимараттардың қауіпсіздігі
Мектептер бойынша: Ауданда 42 жалпы орта мектебі, 3 негізгі мектебі жұмыс жасауда. Мектептердің 45-і типтік ғимаратта орналасқан. Барлық білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін барлық жұмыстар аяқталады.
Тасымал бойынша;
Аудан бойынша 6 білім беру ұйымында тасымал көлігі бар. Атап айтқанда аудан орталығында №293, 163, 169 мектептерде және Машбек ауылы №196 мектепке 2023 жылы тасымал қажеттілігіне байланысты жаңа автобустар берілген. Сонымен қатар Аққұм ауылындағы №221 мектеп, Қандөз ауылындағы №240 мектепте бала тасымалы ұйымдастырылған.
Аталған мектептерде тасымал көлігінің техникалық жағдайлары уақытылы тексеріліп отырады. Бала қауіпсіздігі үшін тасымал уақытында кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы жауапты мамандарға жүктелген.
ББҰ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы:
Аудан бойынша барлық білім беру мекемелерінде “Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығын басшылыққа ала отырып, санитариялық-зпидемиологиялық талаптарға сай жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында дизенфекциялық жұмыстар, әрбір сынып бөлмелері мен коридорларына санитайзер, кварц шамы қойылған және арнайы изоляциялық кабинеттер мен гигиеналық тазалық бөлмелері жабдықталған. Барлық сынып бөлмелеріне санитарлық талаптар мен алгоритм мен нұсқаулықтар ілінген стенд жасалған.
Мектептерде оқушылардың жүріп түру бір жақты қозғалыс қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған.
“Ashyd” жобасына барлық мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер, қосымша білім беру ұйымдары тіркелді.
Осы мақсатта оқу жылында санитарлық құрылғыларын толықтыру, қажетті хлор алынып, қоры жасақталған.
ББҰ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы туралы:
Аудан бойынша барлық білім беру мекемелерінде “Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығын басшылыққы ала отырып, өрт қаіпсіздігі сақталуы бойынша, қатаң тапсырмалар беріліп жұмыстар жүргізілуде. Білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде автоматты өрт дабылқондырғыларының толығымен орнатылған.
Сонымен қатар, өртке қарсы тұншықтырғыш баллондар алуға 1050,0 мың теңге қаралып, 210 данасы алынып, өрт сөндіру құралдарымен толықтырылды.
Білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген тексерулер қорытындысына сәйкес анықталған кемшіліктерді жою мен өртке қарсы қолданыстағы заңдылықтарды сақтау, білім беру нысандарын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіру шаралары мен алдын-алу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Аталған шараларды ұйымдастыру барысында:
- Өрт қауіпсіздігіне қарсы профилактикалық жұмыстарды жандандыру
- Білім алушыларға және қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, таныстыру (стенд жасау)
- Өртті алдын-ала болдырмау амалын қарастыру, мектепте, сыныпта ашық тұрған төқ көздеріне, жауын-шашынның әсерінен болатын төқ көздерінің тұйықталу фактілеріне толық қажетті шараларды ұйымдастыру.
- Білім беру ұйымдарындағы өрт дабыл қондырғыларына техникалық күтім жүргізу.
- Мектепте сынып сағаттарын өткізу, ақпараттық парақшаларын тарату, видеороликтер көрсету мен әлеуметтік желі мен мектептің арнайы парақшаларында насихаттау.
Бейнебақылау: Білім беру ұйымдарының бейнебақылау камераларымен жабдықталуы бойынша 100%. Мектептегі бейнебақылау камералары оқушылардың қауіпсіздігін алдын-алу мен террористтік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестендірілген. Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары арнайы орынға қойылған, сақтау жады талаптарға сәйкес, күнделікті бақылап отыру мен техникалық жайы бойынша жауапты маманға жүктелген.
2020 жылы 10 мектеп;
2022 жылға 5 мектеп;
2023 жылы 4 мектепке қаржы қаралып, бейнебақылау камералары жаңартылып, Одан бөлек, №169, 286 мектептерге орнатылды.
Орындалу пайызы – 100 %. Білім беру ұйымдарын талапқа сәйкес бейнебақылаумен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2024 жылға соңғы үлгідегі бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін қажетті 72000,0 мың теңге бөлініп, 10 мектептің бейнебақылау жүйесі жаңартылды.
2025 жылға техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін (бейнебақылау, дабыл батырмасы, турникет) 180052,0 мың теңге қойылып 9 мектепке, 13 балабақшаға және Таусамалы лагеріне соңғы үлгідегі бейнебақылаумен, 11 мектепке, 11 балабақшаға, және Тау самалы лагерімен оқушылар үйіне дабыл батырмасын орнату үшін сатып алу жұмыстары жүргізіліп, орнатылды.
Модернизация жұмыстарының жүргізілу барысы туралы:
№ 245 орта мектебіне күрделі жөндеуге – 103 658,0 мың теңге,
№ 240 орта мектебіне күрделі жөндеуге – 164 791,0 мың теңге қаражат қаралып, толығымен жөндеу жұмыстары аяқталды.
ББҰ әжетханаларының жай-күйі туралы:
Барлық білім беру ұйымдары 100% ішкі әжетханамен қамтамасыз етілген. Проект бойынша сыртқы әжетханасы бар білім ұйымдарының сыртқы әжетхана есіктері жабылып құлып салынған.
Газдандыру: Ауданның елді мекендерді газдандыру жоспарына сәйкес 2023 жылы Қыраш, Бірлік Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден, Төменарық ауылдық ауылдары газге қосылды.
Аталған елді мекендегі №180, 55, 195, 86, 164, 208, 53, 223 мектептерімен Қызғалдақ, Балауса, Балдәурен балабақшаларының жылыту жүйесін газге қосу бойынша қажеттілігі бар. Жоба – сметалық құжаттарын дайындауға аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.