"Кітап оқитын ұлт" республикалық марафоны

Марафонның мақсаты — қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты арттыру, сыни және аналитикалық ойлауды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуеті мен адами капиталын нығайту.

Марафонның міндеттері
* әртүрлі жас және әлеуметтік топ өкілдерін жүйелі кітап оқуға тарту;
* оқылған шығарманың мазмұнын түсіну, талдау және дәлелді пікір білдіру дағдысын дамыту;
* мектеп, колледж, жоғары оқу орны, отбасы және еңбек ұжымдарында тұрақты оқырман ортасын қалыптастыру;
* адал бәсеке, дербес оқу және авторлық құқықты құрметтеу қағидаларын орнықтыру;
* белсенді оқырмандарды анықтап, тестілеу мен интеллектуалдық квиздер арқылы ынталандыру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/documents/details/1075683?lang=kk