1.Тергеп –тексеру негізі:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.06.2024 жылғы №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижелері бойынша 14.08.2026 жылғы №2260002188430468, №2260002188430471, №2260002188430477 зерттеу хаттамалары негізінде «Колбаса «Мусльманская»; Мясное колбасное изделие колбаса полукопченая «Мусульманская»; Сосиски «Мусульманские» второй сорт» өнімдеріне зерттеу жүргізілді.2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
27.08.2026 ж. – 24.09.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Жолдыбаева» ЖК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп тексеру барысында «Жолдыбаева» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «Жолдыбаева» ЖК
- Қабылданған шаралар :
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.09.2026 жылғы №100 қаулысы берілді