Халықтыңсанитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергептексеружүргізуқағидаларына 7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі «Коклюш подтвержденный случай. А37.0» диагнозымен 16.09.2026 ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар(деректерді пайдалануға келісім)
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 18.09.2026 жылдан бастап 08.10.2026 жылға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Атырау қаласы, Хабиев көшесі, 1А үй мекен жайда орналасқан «№4 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК."
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
ШЖҚ КМК «№4 Атырау қалалық емханасы» тергеп-тексеру кезінде ЖТД 10 участкесінде 2025 жылы туылған балалар саны – 21. Оның ішінде көкжөтел ауруына қарсы екпесін алған балалар саны –7. 6 баланың екпе алуға ата-анасы қарсы, қалған 8 бала жастарына қарай уақытылы екпесін алмаған, бұл Қазақстан Республикасы ДСМ 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1-ші тарауы, 6,7,8 тармақтары бұзылған.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы «№4 Атырау қалалық емханасы»-ның ЖДО меңгерушісі.
8.Қабылданған шаралар 425-бап 1-бөлім бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды.