Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының
ХАТТАМАСЫ
Түркістан қаласы 28.09.2026 жыл
Қатысқандар: Ғ.Сарсенбаев, Б.Абусейтов, Ж.Сүлейменова, А.Мәди, Ж.Тағайбаев, Т.Мұсаев, Ж.Арыстанов, А.Мансұров, Д.Аюпов, Д.Тәңірбергенов, Б.Тұрманов, Н.Жүсіпбаев, С.Рысбеков, Қ.Мұсабек
Шақырылғандар: Қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары
Күн тәртібінде:
- Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
Отырысты Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғ.Сарсенбаев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдірұлы мәлімдеме жасады.
Д.Тәңірбергенов: Э.Сулеймановқа көше атауын беру туралы мәселе бірқатар сұрақтарға нақты жауап болмаған соң Түркістан қалалық мәслихаты тарапынан екі рет қайтарылған.
Қ.Мұсағалиев: Иә, бұл кісі Заң талаптарына сәйкес “Жол картасына”, тарихи тұлғалар тізіміне енгізілген. Қоғам қайраткері.
А.Мансұров: Неге барлық атауы жоқ көшелерді дайындап, ұсынбайсыздар? Байшегір деген не мағына береді?
Қ.Мұсағалиев: Ол үшін “Жол картасына” енуі керек. Байшегір жер-су атауы. Байшегір атауы Республикалық дәстүрлі атаулар тізімінен алынып, 2026 жылға талқылауға ұсынылатын Жол картасымен бекітілген. Қазір екі есім “Жол картасына” еніп, дайын болғаны осылар.
Т.Мұсаев: Рахманқұл Бердібаев “Жол картасына” енгізілген бе?
Қ.Мұсағалиев: Қазір енгізіліп жатыр. Комиссия жылына бір рет жыл соңында қарайды.
Д.Тәңірбергенов: Қалада қанша атауы жоқ көше бар? Жер-су атауларын неге бере бермейсіздер? Әліпбек Өсербаев тарихи тұлғалар тізіміне енді ме?
Қ.Мұсағалиев: Біз ұсыныс енгіздік. Облыстық комиссияларда қарайды.
А.Мансұров: Түркістан қаласына еңбегі сіңген тұлғаларды тарихи тұлғалар тізіміне, “Жол картасына” енгізу жұмыстары нақты қашан жүзеге асады?
Қ.Мұсағалиев: Тарихи тұлға, жер-су атауларына ат беру республикада қаралады. Біз құжаттырын дайындап, ұсыныс енгіземіз.
Ж.Арыстанов: Э.Сулейманов Түркістан қаласына, Бекзат секторына еңбегі көп сіңген кісі. Сонымен қатар Каспий теңізінде орын алған жағдайда, қаза тапқан сарбаздар арасында жерлесіміз бар. Сол жерлесіміздің атына Бекзат секторынан бір көшенің атауын беруді ұсынамын.
Қ.Мұсағалиев: Заң талаптарына сәйкес негізі азамат қаза болған соң 5 жылдан кейін беріледі. Бірақ біз заңдылығын анықтап көрейік.
Т.Мұсаев: Э.Сулеймановтың есімі берілетін көшенің атауы жоқ көше ме?
Қ.Мұсағалиев: Бұрынғы атауы жоқ көше.
Ғ.Сарсенбаев: Атауы жоқ көшеге Э.Сулейманов деп атау бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?
Барлық депутат бірауыздан қолдап, ұсынылған азаматтарға көше атауларын беруге қарсы емес екендіктерін білдірді.
Ғ.Сарсенбаев: Басқа сұрақ, ұсыныс болмаса онда комиссия отырысына ұсынылған имәселелер талқыланып бітті. Сіздерді отырыстың қаулысымен таныстырайын.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді талқылап, тұрақты комиссияның отырысы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Түркістан қалалық мәслихатының 28.09.2026 жылы болатын кезектен тыс қырық тоғызыншы сесиясының күн тәртібіне “Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы” мәселе ұсынылсын.
Түркістан қалалық
мәслихат төрағасы Г.Сарсенбаев
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының
Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы өткізген
жария тыңдау
ХАТТАМАСЫ
Түркістан қаласы 21.10.2025 жыл
Қатысқандар: Ғ.Сарсенбаев, А.Мәди, Б.Әбусеитов, А.Мансуров, Ж.Арыстанов, Ж.Тағайбаев.
Шақырылғандар: мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мусагалиев Қадырболат Қабдырұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Оспан Арман Оңалханұлы, Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Кушенов Мұхит Қыдырұлы, Бекзат секторының меңгерушісі және тұрғындары.
Күн тәртібі:
- Бекзат шағынауданындағы жаңадан түскен атауы жоқ көшеге Түркістан қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Эйлер Джамалетдинұлы Сулеймановтың есімін беруді талқылау.
- Күн тәртібіндегі мәселе «Бекзат шағынауданындағы жаңадан түскен атауы жоқ көшеге Түркістан қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Эйлер Джамалетдинұлы Сулеймановтың есімін беруді талқылау» бойынша қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мусагалиев Қадырболат Қабдырұлы мәлімдеме жасады.
Ж.Тағайбаев: Берілейін деп жатқан көше неше шақырымды құрайды?
Қ.Мусагалиев: 2 шақырымдай болады.
Ж.Тағайбаев: Негізі Қала би көшесі өзі жалғасып кеткені дұрыс болар еді. Басқа көшеге берсек болмайды ма?
Қ.Мусагалиев: Бекзат секторында басқа атауы жоқ көше жоқ. Бұл көше жаңадан түсіп жатқан көше болғандықтан беріп жатырмыз.
А.Мәди: Бұл көшеде тұрғын үйлер жоқ екен, ол бір жағынан дұрыс. Себебі тұрғындар құжаттарын қайта рәсімдемейді.
А.Жандосов: Бұл азаматты білмейтін адам жоқ. Қаламызға еңбегі сіңген, барлығымыз қолдаймыз. Біз тек ертеңгі күні жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, такси шатасып үйлерді таба алмай жүрмесін деген оймен айтып отырмыз.
А.Мәди: Архитектор мырза сіздер картаға дұрыс енгізсеңіздер болды.
М.Кушенов: біз, ономастика комиссиясы қалай шешім шығарып береді, солай енгіземіз.
Б.Абусейтов: Р.Бердібаевқа көше атауыын берілген еді, сол не болды?
Қ.Мусагалиев: Қазіргі таңда тоқтап тұр. Алдағы уақытта комиссия шешім шығарады.
Ғ.Сарсенбаев: қаладағы қайталанатын көшелер бойынша не жұмыс істеліп жатыр?
Қ.Мусагалиев: Бұл мәселе бойынша архитектурамен бірлесіп, жұмыс жүргізетін боламыз.
Ғ.Сарсенбаев: Осы мәселені шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта шешу керек.
А.Мәди: Бекзат шағынауданындағы жаңадан түскен атауы жоқ көшеге Түркістан қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Эйлер Джамалетдинұлы Сулеймановтың есімін беруді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелерді тыңдап, талқылап, Түркістан қалалық мәслихатының Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссия отырысы ҚАУЛЫ ЕТТІ.
- «Бекзат шағынауданындағы жаңадан түскен атауы жоқ көшеге Түркістан қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Эйлер Джамалетдинұлы Сулеймановтың есімін беруді талқылау» мәселесі бірлескен қаулы және шешім қабылдау үшін алдағы уақытта болатын сессияның күн тәртібіне ұсынылсын.
Түркістан қалалық мәслихатының
Әкімшілік аумақтық орналастыру,
құрылыс және коммуналдық қызмет
көрсету салаларын, депутаттық өкілдік
және этика ұйымдық-құқықтық
қызметті қамтамасыз ету жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А.Мәди