Мәслихат аппаратының басшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы өкімі

ҚОСТАНАЙ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ӨКІМ

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ КОСТАНАЙСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

РАСПОРЯЖЕНИЕ

   2026  жыл  29  қыркүйек                                                      №  24  н/қ

Тобыл қаласы                                                                                                              город Тобыл

 

Мәслихат аппаратының басшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 4-тармағына сәйкес:

  1. Қоса беріліп отырған «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптар бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихат төрағасының «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 н/қ өкімі жойылсын.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Қостанай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  М. Сартов

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/documents/details/1074674?lang=kk