Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат

 

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

«Жобалау қызметіне лицензия беру»;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу
».

 «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру» және «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» «цифрлық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz)арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1)             заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;

2)             жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.

3)             лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

4)             Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығымен» бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 сәуірдегі №197 бұйрығымен анықталған.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)             аттестатты беру – 15 жұмыс күні
            2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 бұйрығымен» бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен анықталған.

 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйе e-Qurylys.kz» (www.equrylys.kz). арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті беру, қайта ресімдеу – 20-40 минут

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы №245 бұйрығының «сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағымен анықталған.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Атырау қаласы, Баймуханов көшесі, 16Б

Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8(7122)524541

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-saulet-bakylau/documents/details/1074525?lang=kk