Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: А15.0 диагнозына 24.08.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама; А15.3 диагнозына 28.08.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама; А16.0 диагнозына 11.09.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама; А15.1 диагнозына 11.09.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама; А15.3 диагнозына 18.09.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
- Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы тамыз айының 26-нан бастап 2026 жылғы 24 қыркүйекке дейін.
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Павлодар қ. №3 емханасы» ШЖҚ КМК.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: үй ошағында бірге тұратын адамдар тексеруден өткізілмеген. «Жұқпалы аурулардың (туберкулездің) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ м.а. 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының 42-тармағының 2-тармақшасы мен 63-тармағы (2-тарау) талаптарының бұзылуы.
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар фтизиопедиатр-дәрігері
8.Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.