Қарабалық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хабарламасы

Қарабалық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының

қорытынды хабарламасы

 

            2026 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай облысы Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

            Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары ауыл, ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

            Лесное ауылы

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 260 азамат енгізілді, олардың 206-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсы» деген жолда белгі қойылған-2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Грибенюк Н.В. – 13; Макшанов В.Д. – 169; Шишимбаев С.А.– 19.

            Лесное ауылының әкімі болып Макшанов Василий Дмитриевич сайланды, 1971 жылы туған, «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Есенкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі, Лесное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

 

           Өрнек ауылдық округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 340 азамат енгізілді, олардың 291-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Антропова С.С. – 29; Быкова Т.В. –38; Прудникова Ю.С. - 212.

            Өрнек ауылдық округінің әкімі болып Прудникова Юлия Сергеевна сайланды, 1990 жылы туған, «Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Өрнек ауылдық округінің Приречное ауылында тұрады, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясымен ұсынылған.

 

                       

                                               Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/documents/details/1072392?lang=kk