Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

СООБЩЕНИЕ ОБ ИТОГАХ ВЫДВИЖЕНИЯ

кандидатов на выборы в акимы Узункульского сельского округа

2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2026 жылғы 22 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 18-00 де, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды:

  1. Базарғалиева Әдемі Салауатқызы – 1992 жылы туған, Жәнібек ауданының әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Ғазезов Ұшқын Қайратұлы – 1995 жылы туған, Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Утегенов Мирослав Нурланович - 1985 жылы туған, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ұзынкөл ауылында тұрады,  «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды.

 

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/documents/details/1070782?lang=kk