Тергеу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 23 маусымдағы №4010 шұғыл хабарлама, диагнозы: А37 коды.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы - «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) - қатыстырылған жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 2026 жылғы 24 маусымнан бастап, 2026 жылғы 23 шілдеге дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар -
«Павлодар қаласының №84 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК, Павлодар қ., Украинская көшесі, 99 үй.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – тексеру барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: топтардағы балалардың жалпы санының кемінде 90% және жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балалардың кемінде 10% құрайды, топтардағы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейі сақталмайды, бұл «Жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығының 2-тарауының 8 және 9 тармақтарын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – жеке тұлға (№84 бөбекжай-балабақшаның мед.бикесі).
8.Қабылданған шаралар - 2026 жылғы 23 шілдеден № 265 тексеру нәтижелері туралы актісі жасалды, жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.