БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай
іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардыңденешынықтырудайындығынтексеру;
кәсібижәнепсихологиялықіріктеужөніндегііс-шаралардыжүргізу;
іріктеукомиссиясыныңотырысындаіріктелгенкандидаттардықарау;
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтердің болуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарды тексеру.».
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
- Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
|
Д. Косанов |