Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізу негіздері: полимерлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін өнім анықталды, 2026ж.07.08 №27 бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы акті .
  2. Тергеуді жүргізген бақылау және қадағалау органы: «ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы СЭБД Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалану туралы келісім): жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері: 2026 ж. «10» 08 – 2026 ж. «08» 09.
  5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: MASHA_BRENDS ЖК, «Гулливер» СҮ, бутик 241, «Balapan» балалар киімі бутигі, Павлодар  обл., Павлодар қ., Р.Люксембург көш., 113.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтардың себептері мен сипаты: өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылмады.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар кіреді: MASHA_BRENDS ЖК.
  8. Қабылданған шаралар: 2026ж.08.09 №164 бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы.

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1066865?lang=kk