Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: А16.0 диагнозына 05.08.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама, А16.0 диагнозына 21.08.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы тамыз айының 07-нен бастап 2026 жылғы 04 қыркүйекке дейін.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Danelclinic» ЖШС.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Науқас жасырын туберкулез инфекциясы (ЖТИ) бойынша «қауіп тобына» еңгізілмеген және тері сынамасы әдісі арқылы жыл сайын тексерілмеген; бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы «Туберкулездің алдын алу шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 2-тарауының 2-бөліміндегі 41-тармақтың 2-тармақшасын, сондай-ақ 42 және 44-тармақтарын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар учаскелік медбике
8.Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.