|
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
|
|
Нысан |
2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Инватакси қызметі |
30 000,0 |
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және медициналық ұйымдарға, жұмысына, оқуына және өзге де қажетті орындарға баруын қамтамасыз ету мақсатында |
Мүгедектігі бар балалар және ересек адамдар, оның ішінде кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар |
Мүгедектігі бар адамдардың қажетті орындарға қауіпсіз және уақтылы жетуі қамтамасыз етіледі, олардың әлеуметтік және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері кеңейеді, қозғалуына байланысты шектеулер азайтылады. |
|
2 |
Белсенді ұзақ өмір сүру клубын ұйымдастыру қызметі |
15 000,0 |
Егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың белсенді өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту, әлеуметтік ортаға бейімделуін және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында |
Егде жастағы азаматтар (зейнеткерлер), оның ішінде әлеуметтік белсенділігін арттыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мұқтаж азаматтар |
Егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұстануы, бос уақытын тиімді өткізуі, әлеуметтік белсенділігінің артуы және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі қамтамасыз етіледі. |
|
3 |
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қызметі |
15 000,0 |
Жастарды уақытша жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуына жағдай жасау, қоғамдық пайдалы еңбекке тарту және жастар арасында еңбек құндылықтарын қалыптастыру мақсатында |
16-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар |
Жастардың уақытша жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етіліп, еңбекке деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артады, қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысуы және еңбек дағдылары қалыптасады |
|
4 |
Нашақорлықтың алдын алу бағытында ақпараттық қызмет |
2 000,0 |
Жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің зияны туралы ақпараттандыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында |
Жастар мен жасөспірімдер |
Нашақорлықтың зияны туралы халықтың, әсіресе жастардың ақпараттану деңгейі артып, есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасады, салауатты өмір салтын ұстануға оң көзқарасы нығаяды |
|
5 |
Спорт - нашақорлыққа қарсы!» ұранымен шахматтан Maqat-Open облыстық турнир |
3 500,0 |
Мақат ауданында бұқаралық спортты дамыту, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс–шаралар жоспары |
200 адам |
Нашақорлықтың алдын алу. ауданымызда шахмат спортын дамыту |
|
6 |
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада |
3 500,0 |
Мақат ауданында инклюзивті спортты дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа тарту және олардың қоғамдық белсенділігін арттыру |
200 адам |
Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа баулу, денсаулығын нығайту, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету |
|
7 |
«Адал жол-Честный путь» ұранымен Мақат марафон-2025 |
3 000,0 |
Салауатты өмір салтын қалыптастыру,бұқаралық спортты дамыту және аудан тұрғындарын жүйелі дене шынықтыру мен айналусуға тарту |
350 адам |
Аудан тұрғындарының белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау |
2027 жылғы " " _______ жағдайы бойынша