|
Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1. Тергеу жүргізуге негіз: Алдын ала қойылған «Бактериялық ішек инфекциясы» диагнозымен тамақтан уланудың 4 жағдайының тіркелу фактісі бойынша: 2026 жылғы 17.08. №935 шұғыл хабарлама; 2026 жылғы 17.08. №934 шұғыл хабарлама; 2026 жылғы 17.08. №939 шұғыл хабарлама; 2026 жылғы 17.08. №938 шұғыл хабарлама. 2026 жылғы 16-21 тамыз аралығында барлығы 39 жағдай тіркелді, оның ішінде «Бактериялық ішек инфекциясына» күдікпен – 35 жағдай, «Бактериялық тамақтан улану» – 4 жағдай. 2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ. 3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісімі):Жоқ 4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 17 тамыздан 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін. 5. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК Ержанов, «Үміт» кафесі, Екібастұз қаласы, Желтоқсан көшесі, 22. 6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: - тағамдарды дайындау және ұсыну кезінде бөгде адамдардың қатысуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 92-тармағының талаптары бұзылған; -инфекциялық ауру белгілері және жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бар адамдарды жұмысқа жіберу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 295-тармағы 2) тармақшасының талаптарын бұзу; -тоңазытқыш жабдықтарының санитариялық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, қар мен мұздың қатуының (мұз қабатының түзілуі) болуы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 56-тармағының талаптарын бұзу; -ас үйде қолданылатын кесу құрал-саймандары мен жинау құрал-саймандарын ретсіз сақтау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 53 және 66-тармақтарының талаптарын бұзу; -тамақ блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтамауы (сақина тағу, тырнақта лак жабынының болуы), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 296-тармағының талаптарын бұзу; -бактерицидтік сәулелендіргіштердің болмауы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 51-тармағының талаптарын бұзу; -персоналдың (даяшылардың) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтердің болмауы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 295-тармағының талаптарын бұзу; -персоналдың биологиялық материалдарының үлгілеріне жүргізілген микробиологиялық зерттеу нәтижесінде ыдыс жуушы Ж.Ә.Ғ.-дан Salmonella enteritidis, даяшы Г.А.И.-ден Staphylococcus aureus анықталды. Анықталған нәтижелер объект персоналы арасында патогенді және шартты-патогенді микрофлораның бар екенін көрсетеді және аталған қызметкерлерді инфекцияның ықтимал көзі және/немесе берілу факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК Ержанов, «Үміт» кафесі, Екібастұз қаласы, Желтоқсан көшесі, 22. 8. Қабылданған шаралар: - бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнім өндіру, өткізу (тауарды), қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерін, әрекеттерін) тоқтата тұру жөніндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 17 тамыздағы №1 қаулысы; - адамдарды жұмыстан уақытша шеттету жөніндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 26 маусымдағы №2 қаулысы; - адамдарды жұмыстан уақытша шеттету жөніндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 27 маусымдағы №3 қаулысы; - тергеп-тексеру нәтижелері бойынша материалдар Екібастұз қаласының ПБ-ға жолданды. ЖК Ержановқа, «Үміт» кафесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі шешім Екібастұз қаласының құқық қорғау органдары қабылдаған шаралардың нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
|
|