Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
- Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған оның жобасын: «Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Жыланды ауылына дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)»
- Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасын: «Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Жыланды ауылына дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)»
- Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға , адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасын жібереді «Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Жыланды ауылына дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)»
- СЭБ материалдарын әзірлеуші: «KHG Project» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: "Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі " ММ
СЭБ әзірлеуге жауапты: "Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі " ММ
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
- Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
- Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
- СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
- сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2040 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7 тамыздан бастап 21 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 21 тамызы).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі
– «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Бәйдібек ауданы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/documents/details/1052011?lang=kk