СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:
- Кеген аудандық мәслихатының аппаратында 2026 жылдың «7» қыркүйек пен «30» қыркүйек аралығына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:
Жұмыс тобының төрағасы: А.Нұғман
Жұмыс тобының мүшелері:
- Аппарат басшысы Ұ.Ақжігіт
- Бөлім басшысы Е.Сатыбалдиев
- Бас маман Н.Сагинбеков
- Бас маман М.Нұрқас
- Бас маман Е.Аухади
3.Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.
4.Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
5.Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Ұ.Ақжігітке жүктелсін.
Мәслихат төрағасы А.Нұғман