Қабанбай ауылдық округінің 2025 жылғы әлеуметтік сала бойынша
Ақпарат
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жыл басынан бері 161 адамы бар 30 отбасы өтініш білдіріп, ай сайынғы жәрдемақы алды.
Төленген қаржы16 млн 404 мың 658 теңгені құрады.
АӘК алушылардың ішінен еңбекке жарамды 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
- Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға коммуналдық төлемақы алуға құжаттарын қабылдап және «Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» өткізіліп, әлеуметтік сала қызметкерлеріне коммуналдық төлемге 333 адамның құжаттары қабылданып,6 млн 547 мың теңге қаражат төленді.
- 2025 жылы ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы.
1.Мемлекеттік грант жоспар бойынша – 1, орындалғаны – 2
2.«Күміс жоба» жоспар бойынша – 10, орындалғаны – 4
3.Әлеуметтік жұмыс орны жоспар – 4, орындалғаны – 3
4.«Жастар практикасы» жоспар бойынша – 10, орындалғаны – 8
5.Алғашқы жұмыс орны жоспар бойынша – 5, орындалғаны – 3
- Қабанбай ауылдық округінде 25 жалғыз басты қарттар тұрады, бұл кісілерге 3-адам бекітіліп үйлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде. Округ бойынша он бес мүмкіншілігі шектеулі балалар бар.Ол балаларға 2 әлеуметтік қызметкерлер бөлініп қызмет көрсетуде.
- 2025 жылы округ бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен 1 адам тіркеуде тұрды. Туберкулез ауруының белсенді емес түрімен 10 адам тіркеуде тұрып 7 науқасқа мемлекет тарапынан әр ай сайын ақшалай көмек көрсетілуде.
- Округ бойынша көрсетілген қайырымдылық көмек жайында айтып өтсек, жыл басынан көрсетілген көмек 100 адамға 950 мың теңге.