Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 05 тамыздағы №5 А15.0 шұғыл хабарлама, 2026 жылғы 14 тамыздағы №6 А15.0 шұғыл хабарлама.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Баянауыл ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Павлодар облысы СЭБД ҚР ДСМ СЭБК
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)_ тартылған жоқ
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 08.2026 ж. бастап 04.09.2026 ж. дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар__
КМҚК «Баянауыл аудандық ауруханасы», Майқайың кентінің емханасы, Жамбыл көшесі, 74.
КМҚК «Баянауыл аудандық ауруханасы», Баянауыл ауылының емханасы, Сәтбаев көшесі, 87.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты бұзушылықтар анықталды
Байланыста болған адам ретінде III топ бойынша диспансерлік есепке уақтылы алынбаған және уақтылы тексеруден өткізілмеген;
2026 жылғы 03 сәуірдегі АТР (туберкулиндік ағзааралық реакция) жүргізу кезінде сынама нәтижесін құжаттау және бағалау тәртібі сақталмаған;
ТБҰР АЖ (Туберкулезбен ауыратындардың ұлттық регистрі ақпараттық жүйесі) жүйесінде байланыста болған тұлға ретінде уақтылы тіркелмеген;
2026 жылғы 14 тамыздағы №6 А15.0 шұғыл хабарлама бойынша: фтизиатрмен уақтылы тексерілмеген.
7.Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Баянауыл аудандық ауруханасы» КМК Баянауыл және Майқайың кенттері емханаларының учаскелік дәрігерлеріне, фтизиатрына және рентгенологына әкімшілік айыппұл салынды.
8.Қабылданған шаралар: Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулылар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.