Қостанай  облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы  Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі  әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Қаби Бақытбек Қайыржанұлы – 1992 жылы туған, «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді, Торғай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Сейтханов Алдан Калдыбаевич – 1988 жылы туған, «Жангелдин ауданы Аралбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бас маманы қызметін атқарады,  Аралбай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Абдуллин Дастан Амирханович – 1977 жылы туған, Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім бері мектебінің директоры, Шилі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Жангелдин  ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының  төрағасы                                  Е. Жақып

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/documents/details/1063128?lang=kk