«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің негіздері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) арасындағы 2026 жылғы 19 ақпандағы №06 бірлескен бұйрық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде талдау объектісінің қызметінің негізгі бағыттары зерделенді.

Атап айтқанда, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану, сондай-ақ талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша талдау жүргізілді.

Талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 19 ақпаннан 8 сәуірге дейін.

Талдаумен қамтылған кезең: 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы наурызға дейін.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auyal-zharuazhalyk-zher/documents/details/1062983?lang=kk