ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
Қ А У Л Ы С Ы
Темірлан елді мекені. № 325 «31» тамыз 2026 жыл
Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 85,89-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына және Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 24 маусымдағы №23/323-VIII санды шешіміне сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округі 029 орам аумағында орналасқан жалпы көлемі 500,0 гектар жер учаскесі, Ордабасы аудандық индустриалдық аймағын құру үшін, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелері, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдеріне бастама жасалсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталу күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен бастап жүзеге асырылсын.
- «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;
2) жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;
3) осы анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін;
4) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын;
5) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.
- Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М. Акмуратовқа жүктелсін.
Аудан әкімі А. Оралбаев
Ордабасы ауданы әкімдігінің
«31» тамыз 2026 жылғы
№325 қаулысына қосымша
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімі
|
№ |
Ауыл округі |
Жер учаскесінің кадастрлық номері |
Иеліктен шығарылатын жер учаскесінің алаңы, га |
Жер пайдаланушының атауы |
Меншік түрі |
|
1 |
Бадам |
19293029413 |
63,1 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
2 |
Бадам |
192930291394 |
24,1 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
3 |
Бадам |
192930291679 |
150,74 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
4 |
Бадам |
192930291532 |
1,5 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
5 |
Бадам |
19293029328 |
86,74 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
6 |
Бадам |
192930291685 |
4,37 |
"PolyMaster" ЖШС |
Жеке меншік |
|
7 |
Бадам |
192930291528 |
100 |
Сахыбекова Улдана Жаксылыковна |
Жеке меншік |
|
8 |
Бадам |
192930291422 |
25 |
Турганбекова Асель Рахатовна |
Жеке меншік |
|
9 |
Бадам |
192930291529 |
11,62 |
Сахыбекова Улдана Жаксылыковна |
Жеке меншік |
|
10 |
Бадам |
192930291374 |
7,83 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
11 |
Бадам |
192930291632 |
10 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
12 |
Бадам |
192930291678 |
15 |
Сахыбекова Карима Назимовна |
Жеке меншік |
|
Барлығы: |
500,0 |
|