«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде «Айна» газеті («Айна» аудандық газетінің редакциясы» ЖШС, Қарабалық кенті, Қостанай облысы) Қарабалық ауданының Лесное ауыл, Өрнек ауылдық округі әкімдері кандидаттарына материалдарын орналастырудың мынадай бағаларын, тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Бағалар:
- сайлау комиссияларының хабарламаларын, ақпараттық материалдарын орналастыру-1 шаршы метр үшін 280 теңге.
– Қарабалық ауданының ауыл, ауылдық округ, кент әкімдеріне кандидаттарға (бұдан әрі-кандидаттар) үгіт материалдарын дайындау, орналастыру-1 шаршы метр үшін 310 теңге.
Тәртібі мен шарттары
Газетке орналастыруға арналған үгіт материалдары газет шыққанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс; мақалалар – мәтіндік нысанда, жарнамалық модульдер, баннерлер, JPEG форматындағы фотосуреттер (300 dpi).