Жаңалықтар

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қаралым: 24

2026 жылғы 29 қазанда Өскемен қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе&...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қаралым: 11

Қадірлі отандастар! Құрметті Құрылтай депутаттары және Үкімет мүшелері!   Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялай...

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда әлеуметтік саясатты қайта қарау және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.  Енді азаматтардың нақты мұқтаждығы ескеріле отырып, мемлекеттік көмек көрсету үшін отбасылардың материалдық жағдайын объективті түрде бағалауға баса назар аударылады. Осыған байланысты үй шаруашылықтарының табыстарын, мүліктері мен міндеттемелерін бағалау тәсілдерін өзгертуді көздейтін Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, әдістемені жетілдіру кезінде бағалаудың жекелеген критерийлері қайта қаралды.  «Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды қоса алғанда, кірістер мен несиелік міндеттемелерді бағалау тәсілдері өзгертілді. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының бар болуы мен олардың жай-күйі ескерілді. Бұл ретте біз зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасын есептен толығымен алып тастадық. Жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғаның болуы ескерілмейді. Сондай-ақ ұсақ жер телімдері мен жеке қосалқы шаруашылықтың болуын назарға алмаймыз», — деп атап өтті министр.  Оған қосымша отбасын асырауға арналған шығыстарды, кредиттік міндеттемелерді, сондай-ақ жалғыз асыраушының және жалғыз тұрғын үйдің болуына байланысты мән-жайларды есепке алу көзделеді.  Сонымен қатар мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесіне ревизия жүргізіледі, ал өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жәрдемақы алушылардың материалдық жағдайын тексеру жүзеге асырылады. Бұл шаралар азаматтардың әл-ауқатын бағалаудың дәлдігін арттыруға және мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаралым: 13

В рамках исполнения поручения Главы государства в Казахстане проводится комплексная работа по пересмотру социальной политики и совершенствованию механизмов пред...