Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда әлеуметтік саясатты қайта қарау және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Енді азаматтардың нақты мұқтаждығы ескеріле отырып, мемлекеттік көмек көрсету үшін отбасылардың материалдық жағдайын объективті түрде бағалауға баса назар аударылады. Осыған байланысты үй шаруашылықтарының табыстарын, мүліктері мен міндеттемелерін бағалау тәсілдерін өзгертуді көздейтін Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, әдістемені жетілдіру кезінде бағалаудың жекелеген критерийлері қайта қаралды. «Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды қоса алғанда, кірістер мен несиелік міндеттемелерді бағалау тәсілдері өзгертілді. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының бар болуы мен олардың жай-күйі ескерілді. Бұл ретте біз зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасын есептен толығымен алып тастадық. Жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғаның болуы ескерілмейді. Сондай-ақ ұсақ жер телімдері мен жеке қосалқы шаруашылықтың болуын назарға алмаймыз», — деп атап өтті министр. Оған қосымша отбасын асырауға арналған шығыстарды, кредиттік міндеттемелерді, сондай-ақ жалғыз асыраушының және жалғыз тұрғын үйдің болуына байланысты мән-жайларды есепке алу көзделеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесіне ревизия жүргізіледі, ал өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жәрдемақы алушылардың материалдық жағдайын тексеру жүзеге асырылады. Бұл шаралар азаматтардың әл-ауқатын бағалаудың дәлдігін арттыруға және мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

В рамках исполнения поручения Главы государства в Казахстане проводится комплексная работа по пересмотру социальной политики и совершенствованию механизмов предоставления государственной поддержки.

Основной акцент сделан на объективной оценке материального положения семей, чтобы государственная помощь предоставлялась с учетом реальной нуждаемости граждан. В этой связи доработана Методика определения социального благополучия семьи, предусматривающая изменение подходов к оценке доходов, имущества и обязательств домохозяйств. Как отметил министр труда и социальной защиты населения Аскарбек Ертаев, при совершенствовании методики были пересмотрены отдельные критерии оценки.

«В частности, изменены подходы к оценке доходов и кредитных обязательств, включая ипотечные займы. Учтены наличие и состояние автомобилей и сельскохозяйственной техники. При этом мы полностью исключили сельхозтехнику старше 20 лет. Индивидуальное предпринимательство и наличие юридического лица учитываться не будут. Также не будем принимать во внимание наличие мелких земельных участков и личного подсобного хозяйства», – отметил министр.

Дополнительно предусматривается учет расходов на содержание семьи, кредитных обязательств, а также обстоятельств, связанных с наличием единственного кормильца и единственного жилья.

Параллельно проводится ревизия 30 информационных систем государственных органов, а совместно с акиматами регионов осуществляется верификация материального положения получателей пособий. Эти меры направлены на повышение точности оценки благосостояния граждан и обеспечение адресности государственной поддержки.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1320029?lang=kk