Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХХІІІ сессиясы өткізілді.
Сессияның күн тәртібіне сай Саралжын, Қоскөл ауылдық округі әкімдерінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тындалды. Және де Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының, Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тындалды.