Инвестициялық жоба аясындағы мектептің жұмысы таныстырылды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және басқарма мамандары инвестициялық жоба аясындағы "Скандик" мектебіне барып, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және оқушыларға жасалған жағдайлармен танысты.
Кездесу барысында мектеп ұжымы білім беру үдерісіндегі бірқатар ерекшеліктерді таныстырды.
🔹 Үштілді білім беру бағдарламасы мектепалды даярлықтан бастап жүзеге асырылады.
🔹 Педагогикалық ұжым толықтай ағылшын тілі курстарынан өткен.
🔹 Үй тапсырмалары мұғалімдердің бақылауымен мектепте орындалады.
🔹 Оқушылардың жан-жақты дамуына арналған зияткерлік, шығармашылық және спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Қазақстанның және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге кешенді дайындық жүргізіледі.
🔹 "Scandic Chess Club" шахмат клубында тұрақты турнирлер өткізіліп, алдағы уақытта "Scandic Football Academy" футбол академиясын ашу жоспарланған.
🔹 Мектепте оқушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығына ерекше мән берілген: мектеп трансфері ұйымдастырылған, ғимарат тәулік бойы бейнебақылау және қауіпсіз кіру жүйесімен жабдықталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1289283?lang=kk