Оқу-ағарту министрі Франция Республикасының Елшісімен кездесті

🇰🇿🇫🇷Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
🎓Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларына тоқталды. Сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
❗️Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1289221?lang=kk