ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

13 қыркүйек – Отбасы күніне арналған апталық  кітап көрмесі.

​А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада 13 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылықтар – ұрпаққа аманат» атты тақырыпта апталық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – отбасы құндылықтарын, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, ұлттық отбасылық дәстүрлерді насихаттау. Көрмеге отбасы, тәрбие, бала тәрбиесі және ұлттық салт-дәстүр тақырыптарындағы кітаптар ұсынылды. Көрме аясында ашық микрофон ұйымдастырылып, оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, барша отбасыларға жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдады. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1289136?lang=kk