Оралда «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті

Оралда «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқытілдері күніне орай шетелдегі қазақтарды тарихиОтанымен байланыстыратын «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті.

Форумға Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Ресейден қазақұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, оқытушылар, кәсіпкерлер, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен жастарқатысты.

Форум барысында шетелдегі қазақ тілін сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтарсабақтастығын нығайту және қандастарменмәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытумәселелері талқыланды. Қатысушылар өзелдеріндегі қазақ қауымдастықтарының тыныс-тіршілігі мен ана тілін сақтауға бағытталғантәжірибелерімен бөлісті.

Форум бағдарламасы аясында шетелдікқонақтар Орал қаласының тарихи-мәденинысандарымен және Батыс Қазақстан өңірініңтарихымен танысты. Сондай-ақ Хан Ордасытарихи-мәдени музей-қорығына барды.

Форум аясында Қазақстан халқы тілдері күнінеарналған «Тіл – тұтастық туы» тіл фестивалі өтіп, қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті сақтаудағы жәнеқоғамды біріктірудегі маңызы атап өтілді.

Форум қорытындысында шетелдегі қазақұйымдарымен мәдени, ғылыми, білім беру жәнеқоғамдық байланыстарды одан әрі дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндеұсыныстар айтылды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1289060?lang=kk