Қазақстанда әр бесінші бала артық салмаққа немесе семіздікке шалдыққан. Медициналық зерттеулер көрсеткендей, артық салмақты балалар ересек жаста 2–3 есе жиі семіздікке ұшырайды (ДСҰ деректері бойынша).
Бұл үрдіске әсер ететін негізгі факторлардың бірі - балалар мен жасөспірімдердің қантты қосылған сусындарды шамадан тыс тұтынуы.
Қант қосылған сусындарға нелер жатады:
•Газдалған және газдалмаған салқын сусындар;
•Жеміс және көкөніс шырындары мен нектарлар;
•Сұйық және ұнтақ концентраттар;
•Су мен сүт негізіндегі дәмдік қоспалы сусындар;
•Энергетикалық және спорттық сусындар;
•Бөтелкедегі шай мен кофе.
Қант қосылған сусындарды тұрақты түрде тұтыну тіс жегісінің 22%-ға, 2-типтегі қант диабетінің18%-ға, жүректің ишемиялық ауруының 17%-ға, артериялық қан қысымы жоғарылауының 8% -ға даму қаупін арттырады.
Күніне бір ғана тәтті сусын ішу - зат алмасуға және дене салмағына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары:
•Қанттың мөлшері күнделікті калорияның 10%-нан аз болуы керек.
•Қосымша пайда үшін 5%-дан аз болғаны жөн.
Қант қосылған сусындарды азайту жолдары:
✓ Тәтті сусындарды сумен, қантсыз шаймен немесе қант қоспай үйде дайындалған компотпен ауыстырыңыз.
✓ Балалардың газдалған және қант қосылған шырындарға қолжетімділігін шектеңіз.
✓ Жапсырмадағы құрамды оқуды әдетке айналдырыңыз.
✓ Есте сақтаңыз: тіпті “табиғи” шырындардың өзінде де қант мөлшері көп.
Балаңызды семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамыр ауруларынан қорғаудың қарапайым әрі тиімді тәсілі - қант қосылған сусындарды қолдануды азайту.