«Қателік — соңы емес. Әрқашан бәрін қайта бастауға болады»

Белгілі спортшы әрі блогер Айтым Жакупов Аршалы кентіндегі түзеу мекемесіне барып, сотталғандармен кездесті.

Ол өзінің өмір жолымен бөлісіп, басынан өткерген қиындықтары және спорт, тәртіп пен мінездің беріктігі оның өмірін өзгертіп, алға қойған мақсаттарына жетуіне қалай ықпал еткені туралы айтып берді.

«Қанша рет құлағаның маңызды емес. Ең бастысы — бойыңнан күш тауып, қайта тұрып, алға қарай қадам басу. Өткенді өзгерте алмайсың, бірақ өз болашағыңды өзің өзгерте аласың», — деді Айтым.

Кездесу таңдау, жауапкершілік және екінші мүмкіндік туралы шынайы әңгімеге ұласты. Қонақ сотталғандарды өздеріне деген сенімдерін жоғалтпауға, өз-өздерін жетілдіруге және әр күнді жақсы жаққа өзгеруге мүмкіндік ретінде пайдалануға шақырды.

Кейде бір әңгіме адамға үміт сыйлауы мүмкін. Ал үміт — өзгеріске бастар алғашқы қадам.

Ақмола облысының прокуратурасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1288908?lang=kk