Отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер және ұлттық құндылықтар» атты танымдық сағат өтті

Отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер және ұлттық құндылықтар» атты танымдық сағат өтті

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында №4 мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер және ұлттық құндылықтар» атты танымдық сағат өтті.

Шара барысында №4 мектеп ұстазы  Искакова Дания Самидинова отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық салт-дәстүр мен рухани-адамгершілік тәрбие туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар назарына «Отбасы – тәрбие бесігі» атты кітап көрмесі ұсынылып, отбасы тәрбиесіне арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

«Ұлы тұлғаны қалыптастырған отбасы» сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар отбасының тұлға болып қалыптасуындағы рөлі туралы ой бөліссе, «Даналықтың дариясы – мақал-мәтел» ойынында отбасы, бірлік, ынтымақ және тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, халық даналығының тәрбиелік мәнін ашты.

Шараның әсерлі сәті – «Отбасыма жүрекжарды тілегім»  атты жақындарына деген ақ тілектері мен ыстық ықыластарын ұялы телефон арқылы жеткізіп, отбасының адам өміріндегі ең қымбат қазына екенін сезінді.

Танымдық сағат барысында отбасы – мейірім мен махаббаттың, тәрбие мен татулықтың алтын бесігі екені кеңінен насихатталды. Іс-шара оқушылардың отбасылық және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, мазмұнды әрі әсерлі өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1288895?lang=kk