Көкшетау қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғындармен және тұрғын үй қауымдастығының басшысымен байланыс нысанын жаңғырту, 4G технологиясынан 5G технологиясына көшу және жабдықтарды жаңарту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Іс-шараға Ақмола облысының цифрландыру және мұрағат департаментінің, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Mobile Telecom-Service» ЖШС өкілдері, қауымдастық басшысы және ғимарат тұрғындары қатысты.
Мамандар тұрғындарға жоспарланған жұмыстар мен оларды жүзеге асыру рәсімдерін түсіндірді. Кездесу барысында тұрғындар бұл қызметті көрсетуге және байланыс нысанын жаңғыртуға келіспейтіндіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардың ұстанымын мүлік иелерінің жалпы жиналысының тиісті хаттамасында ресімдеу туралы шешім қабылданды.