2026 жылғы 9 қыркүйекте Департамент басшысы А. Е. Мекебаева «Мүгедек балаларға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы»К ММ-де мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың, мүгедек балаларды оңалтудың, инватакси қызметтерін көрсету тәртібінің, мүгедек балалардың ата-аналарын әлеуметтік қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.
Барлық келіп түскен сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде толық түсініктемелер берілді.
Кездесу сындарлы және жағымды атмосферада өтті.