Ауданда үміттерін ақтаған үздіктер құрметке ие болды.
Сарыкөл ауданында XXXIX Қостанай облыстық жазғы спартакиадасында аудан намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен спорт үздіктерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі Марат Лесбекұлы Шымырбеков спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, олардың жеңістерінің артында қажырлы еңбек, жүйелі дайындық және жеңіске деген ұмтылыс тұрғанын атап өтті.