Қарасу өзенінің бойында сенбілік өтті

Қарасу өзенінің бойында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қарасу өзенінің арнасын бойлай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік және денсаулық сақтау нысандарына іргелес аумақтар да санитарлық тазалаумен қамтылды.

Сенбілікке 550-ден астам адам қатысты.

Жұмыс барысында өзен арнасы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 8 арнайы техника жұмылдырылды.

Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1288655?lang=kk