ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ДЕРЕКҚОРЫН ЖҮРГІЗУ

ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ДЕРЕКҚОРЫН ЖҮРГІЗУ

2026 жылғы 4 қыркүйек күні Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында #Бөрлі ауданының білім беру бөлімі ұйымдастыруымен ақпараттық жөніндегі орынбасарларына арналған «Цифрлық құралдарды (BILIMCLASS.KZ) пайдалану және ҰБДҚ дерекқорын жүргізу» тақырыбында аудандық секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырысқа аудан мектептердің ақпараттық жөніндегі орынбасарлар қатысты. Отырысты Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің ақпараттандыру бойынша маманы, информатика пәнінің әдіскері Фисун Неля Равхатовна ашып, қатысушыларға алғыс сөзін білдірді.
Кездесудің басты мақсаты –білім беру платформаларын тиімді пайдалану, цифрлық ресурстармен жұмыс жасау, заманауи әдіс-тәсілдер және мұғалімдердің тәжірибе алмасуы бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
💻 Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Жаркеева Дина Кушкимбаевна «Мектептің ресми сайтын жүргізу: мүмкіндіктері мен тиімділігі» бойынша семинар өткізді. Семинар барысында мектеп сайтының мүмкіндіктері, ақпараттарды орналастыру, жаңарту және жүйелі жүргізу бойынша қажетті мәліметтермен бөлісті.
📚 «Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану — сапалы білім берудің маңызды қадамдарының бірі» тақырыбында Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ақпараттық жөніндегі маманы Хамидуллина Асемгуль Сериковна цифрлық сауаттылығын арттыру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында BilimClass платформасы бойынша мүмкіндіктерін ұсынды.
Секциялық отырыс барысында аудан директордың ақпараттық жөніндегі орынбасарлары тәжірибе алмасып, цифрлық мектеп сайтты мен платформаларды тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға жаңа оқу жылына бағытталған цифрлық білім беру ресурстарын қолдану және кәсіби ізденісті жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1288573?lang=kk