2026 жылғы 09 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалында Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Шаденова Меруерт Абайқызы Мемлекеттік корпорация мамандарына «Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылау» тақырыбында техникалық оқыту өткізді.
Оқытудың мақсаты – қызметкерлердің зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша кәсіби білім деңгейін арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылау.
Техникалық оқыту барысында зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын практикада қолдану бойынша түсіндірмелер берілді.