БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ: КӘСІПКЕРЛЕР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы
аумағында ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру
кезінде бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолдану міндетті екенін еске салады.
Ақшалай есеп айырысуларға:
* қолма-қол ақшамен жүргізілетін төлемдер;
* төлем карточкалары арқылы жүргізілетін төлемдер;
* мобильді төлемдер арқылы жүргізілетін есеп айырысулар
жатады.
Егер салық заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақшалай
есеп айырысуларды жүргізу кезінде Мемлекеттік тізілімге
енгізілген БКМ қолданылуы тиіс.
БКМ-ді салық органында есепке қою:
* деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша - фискалдық деректер операторының мәліметтері негізінде автоматты түрде;
* деректерді беру функциясы жоқ БКМ бойынша - салыктық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ: КӘСІПКЕРЛЕР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1288498?lang=kk